Жол қауіпсіздігіне арналған апта

2005 жылдың 26 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясы өз резолюциясында бүкіл әлем бойынша ұйымға мүше елдерді қарашаның үшінші жексенбісін Бүкіләлемдік жол-көлік оқиғаларын еске алу күні ретінде белгілеп, атап өтуге шақырды.

Негізінен, жол апаты құрбандарын еске алу идеясы 1993 жылдан бастау алады екен. Ол Road Peace ұлыбританиялық жол-көлік оқиғасы құрбандарына көмек көрсету қайырымдылық қорынан туындаған. Осыған орай, жыл сайын Қазақстанда да дүниежүзіндегі секілді БҰҰ-ның резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші жексенбісінде бүкіләлемдік жол оқиғасы құрбандарын еске алуға арналған іс-шаралар өтеді. Биыл бұл күн 18 қарашаға сәйкес келіп тұр.

–Акцияның мақсаты: тасжолдарда қаза табу, жарақат алудың жантүршігерлік көріністеріне және барлық жол жүрісі қатысушыларына төнуі мүмкін қауіп-қатерге жұртшылықтың назарын аударту, апаттың алдын алу, жолдардағы құқық бұзушылыққа қарсы қатаң іс-қимылды бірінші кезекке шығару, өзара сыйластық, жүргізушілердің жолда қауіпсіздік ережесін сақтауына, жүргізушілердің мәдениетін арттыруға ықпал ету. Бұл орайда жол жүрісіне қатысушылардың санасын өзгертуге әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету, – дейді аудандық полиция бөлімінің қызмет жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Н.Қабдешов.

Осыған байланысты қарашаның 12-18-і аралығында аудан аумағында «Жол жүрісі қауіпсіздігінің аптасы» атты кең ауқымды республикалық акция өткізіліп жатыр. Н.Қабдешовтың айтуынша, акция аясында аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын насихаттап, жол-көлік оқиғасынан жарақаттанудың алдын алу үшін бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады.

Е.Бисекенұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет