Республикалық байқаудан жүлделі оралды

Технология дамыған заманда өнертапқыштарды қолдау ауадай қажет.

Себебі, осы өнертапқыштар ғылымға жаңалық әкеліп, өмірімізді ыңғайлы етуге үлес қосады. Жақында Өскемен қаласында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар республикалық байқауы өтті. Оған Атырау облысынан 9 оқушы қатысты.

Олар байқауға кемелер, автокөліктер, робостанок пен самолеттер апарды. Олардың арасынан №21 мектептің 7-сынып оқушысы Ернұр Нұрбол «Қолданыстағы көлік транспорттары саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. Ол байқауға көпфункционалды автокөлік жасап апарды. Сол жерде автокөліктің қалай жұмыс жасайтынын көрсетті.

–Жас толқын арасында робот техникасына қызығушылық танытып жүргендер көп. Олар – еліміздің болашағы, – дейді жүлдегерді жарысқа дайындаған тәлімгері Иван Орынбеков.

Ж.Шаңқанова.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет