Жаңа мұнай қабаттары табылды

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, өткен қазан айының аяғында Атырау қаласына «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының барлау,өндіру орынбасары, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры Құрманғазы Есқазиев, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ ақпараттық технологиялар департаментінің басқарушы директоры Дәурен Керейбаев бастаған ұлттық компанияның жетекші мамандары мен ІТ секторы мен өндіріске жауапты өкілдері келді.

Олар іссапарын «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы сәтті жүзеге асып жатқан «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Уаз кен орнында болды. Мұндай жаңашыл жобадан ірі өндірістік өңір саналатын біздің аудан аумағындағы мұнай алаңдары да тыс қалған жоқ. Сондықтан Астанадан келген делегация Прорва кенішіне де келді. Бұнда жобаның қазіргі уақыттағы таратылу жүйесімен, 2017 жылдың маусымында іске қосылған ілеспе газды күкірттен тазарту қондырғысының жұмысымен танысты. Жылына 150 млн. текше метр қуаттылықпен көгілдір отын өндіріп тұрған шағын зауыттың сандық жүйемен қамтылуын қадағалады. Еске сала кетейік, бұл ірі жобаның іске асуы Прорва кен алаңдары тобында газды ауаға жағуды мейлінше азайтты. Онда қолданылатын «MERICHEM» фирмасының патенттелген LO-CAT газды өңдеу технологиясы - экологиялық тұрғыдан алғанда қауіпсіз әрі күкірт сутегін жоюда тимділігі жоғары. Күні бүгін қондырғыдан өндірілген тауарлы газ «Орта Азия – Орталық» магистральды газ құбырына қосылған.

Келесі кезекте басшылар мұнайшылар мекені – «Самал» вахталық поселкесінде де болды. Онда қарапайым жұмысшылардың әлеуметтік–тұрмыстық жай-күйіне назар аударып, асханасы мен демалыс, жатын орындарын аралады. Әрмен қарай делегация сапары компанияның бас кеңсесінде жалғасын тапты. Жалпы «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы болашақта кең өріс алмақшы. 2024 жылға дейін ол «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты 11 кен алаңына таратылатын болады.

Е.Қошақанов.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет