6 балалы әке «Харекет» қоры арқылы баспаналы болды

Өткен жұмада “Харекет” қайырымдылық қоры “1000 теңгеге баспана” акциясымен ауданымыздағы мұқтаж бір отбасына үй сатып алып берді.

Қосшағыл ауылындағы 3 бөлмелі үй 6 бала тәрбиелеп отырған Жәлел Оңдасыновтың отбасына табыс етілді. Тұрғын үйдің кілтін салтанатты түрде табыс ету шарасына аудандық мешіттің бас имамы Арман Исаев, Қосшағыл ауылдық мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлы арнайы келіп, құттықтады. - Бүгін міне қасиетті жұмада «Харекет» қайырымдылық қоры халықтың қолдауының арқасында мұқтаж отбасыға үй алып беріп жатыр. Біз жесірін жылатпаған, жетімін қаңғытпаған бабаның ұрпағымыз. Ел бойынша үлкен қолдауға ие болып отырған «Харекет» қорының жұмысына сәттілік тілеймін, – деді бас имам.

«Харекет» қайырымдылық қорының Атырау облысы бойынша басшысы Мақсат Есенбаев бұл баспана ел бойынша беріліп жатқан қырық бірінші үй екенін айтып, осынау игі іске үлес қосқан азаматтарға қор атынан алғысын айтты. Баспанаға ие болған Жәлел Оңдасынов бірнеше жылдан бері үй жалдап, тұрмыс тауқыметін тартып келеді екен. Оның үстіне бір баласы мүмкіндігі шектеулі. Осылайша аудан бойынша «Харекет» қорының алғашқы үйі де табысталды. Қор өкілдері мұндай игі істер алдағы уақытта жалғасын табатынын айтып отыр.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет