Үш батырдың ескерткіші қойылмақ

Осыдан бірнеше жыл бұрын қаламыздағы Төремұрат, Нарынбай, Өтен атындағы көшелер қиылысатын айналма жолға ескерткіш қойылады дегенді естідік.

Ол ескеркіш бастап қойылған екен. Дегенмен көпшіліктің сынына ұшыраған ол күні кеше алынып тасталды. Расында, тұрғындардың шымбайына батқан «ескерткіш» аты аңызға айналған батырлар Төремұрат, Өтен, Нарынбайларға ұқсамайтын еді. Екі иығына екі кісі мінгендей алып денелі тұлғалардың мүсіні де соған сай болуы керек еді. Енді, міне, ол оқылықтың орны толып, ескерткіш қайтадан дайындалуда.

Ауданымызға белгілі мүсінші Серік Мәтениязов тарихи батырлардың мүсінін өзі сомдап шықты. Мүсіншімен телефон арқылы сөйлескенбіз. Жолда кетіп бара жатқан Серік аға бұл жөнінде қысқаша ғана тоқталды: –Сәулетші Құдайберген Ізтілеуов деген жігітпен осы ескерткішті дайындап жатырмыз.

Жалпы жобасын, тұғырын, қалай орналасатынын ол жасады. Ал мүсінді бірнеше айдан бері өзім сомдап, дайындап қойдым. Тұғыры 8 метр, ескерткіштің өзі 3 метр болады. Жалпы найзасының биіктігін қосқанда 12 метр болатын керемет дүние шығады деп отырмыз, – дейді Серік аға. Біз де білектің күшімен найзасын кекке қайтарған, намысын жауға бермеген ер есімі ел есінде қайта жаңғыратынына қуандық.

П.ҚИЗАТОВА.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет