Мұнай қалдықтары және басқа да мәселелер

 –Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», «Ауруын жасырған өледі» дейді.

Осы сөздің астарында терең мағына жатыр. Мұны ата-бабамыз тек өз ұрпағының денсаулығын сақтау мақсатында өсиет етіп айтқан жоқ. Оның қолданыс аясы кең. Әсіресе қазіргі қоғамда белең алған сыбайлас жемқорлық дертінің алдын алу үшін де тәрбиелік мәні зор деп білемін. Әрине, оны терең ұғынар сана болса. Біздің аудандарға іссапарымыздың мақсаты да осы бір қоғамдық кеселді болдырмау, алдын алу болып табылады,-деді аудандық орталық аурухананың емхана бөлімшесінде ақ халатты абзал жандармен жүздескен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин.

Арман Тілектесұлымен бірге қазыналы өңірімізге белгілі қолөнер шебері Ырза Тұрсынзада, департаменттің жұртшылықпен байланыс жөніндегі басшысы Амангелді Абдолов, агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Руслан Тұңғышбаевтар да келген-ді. Олардың еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы мен бағалауын іске асыру жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік тобының құрамында өңірлерді аралап жүрген беті екен. Арнайы топпен бірге аудан әкімінің орынбасары Қаһарман Бағынов, аудандық әкімдік аппаратының жетекшісі Ануар Шәкіров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласовтар бірге болды. Ең алдымен, олар Құлсары қаласының өндірістік аймағында шоғырланған «Металл продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Қонақтарды серіктестіктің бас инженері Ерғали Құлтаев қарсы алып, өндірістік ошағындағы металл балқыту процесімен таныстырды. Сонымен қоса қабат, жұмысшы мамандармен қамту, өнім өндіру мен оған деген сұраныс жайлы әңгімеледі.

Бұл жолғы мониторингтік топтың бір ерекшелігі сол, олар іссапар жоспарында алдын ала жасақталған бағдарламамен шектеліп қалған жоқ. Өндіріс орнынан кейін іле-шала Құлсарының оңтүстік бағытына қарай бет алды. Қаладан бірнеше шақырым қашықтықта, далада ашық аспан астында жатқан мұнай қалдықтарын көзбен көрді. Арман Бердалин бастаған топ жергілікті әкімдікке бүлінген топырақты қалпына келтіру жұмыстарын тездетуді тапсырды.

Келесі кезекте көпқабатты ықшамаудандағы емханаға ат басын тіреді. Аурухана директорының орынбасарлары Клара Тағамбаева, емхана басшысы Асылхан Кулчиковалар емдеу орнындағы ем-дом қабылдау бөлмелерінің жай-күйімен, жаңа қондырғылармен таныстырды. А.Бердалин, Т.Ырза, Р.Тұңғышбаев, А.Абдоловтар емделушілермен де сөйлесіп, қызмет көрсету сапасына мән берді. Дәрігерлермен кездесіп, олардың ой-пікіріне құлақ түрді. Ақ халатты абзал жандармен болған жылы шырайлы жүздесуден кейін олар «Достық» ықшамауданындағы №19 жалпы білім беретін орта мектепке табан тіреді. Онда білім ордасының жай-күйімен, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарымен танысып, 11-сынып түлектерімен тілдесті.

Е.Қошақанов.

Видеолар

Күнтізбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет