Жаса, жаса, Кең Жылыойым!

Бүгінде ауданымыздың ел экономикасына қосып отырған үлесі елеулі.

Биыл аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 3715,9 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 143,1% құрап отыр. Мұнай – 18,8 млн. тонна, 101,8% (2017 ж. –18,5) және газ – 9,53 млрд. текше метр, 100,2%(2017 ж. – 9,51) өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі - 101,3%.Ауданда 6751 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5675 бірлікті құрады (628 заңды тұлға, 4694 жеке кәсіпкер, 276 шаруа қожалығы). Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында ауданымызда жобалар жүзеге асуда. Атап айтсақ, «Металл Продукт» ЖШС-ның металл жаймаларын шығаратын комбинаты,«Атырау-Сауда» ЖШС-на қарасты құс фабрикасы, «Эко-Техникс» ЖШС-ның мұнай қалдығын қайта өңдеу жобалары сәтті жүзеге асып отыр. Аудан бойынша «Жаңа таң» ЖШС мен 276 шаруа қожалығы бар. Барлық шаруашылық санаттарында төрт түлік мал басы өткен жылдағымен салыстырғанда артып отыр.

Ауданда осы кезеңде 20316 бас мүйізді ірі қара, 101,4% (2017 ж. – 20037), 86237 бас қой-ешкі қара, 103,1% (2017 ж. - 83616), 9689бас жылқы қара, 105,6% (2017 ж. - 9177,), 8933 бас түйе қара, 100,9% (2017 ж.-8849), өсіріліп отыр. Осы мезгілде тірілей салмақпен есептегенде 2482,8 тонна ет, 3632,1 тонна сүт, 14804,7 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда ет өндіру 100,7 пайызға, сүт өндіру 100,1 пайызға, жұмыртқа 2,0 есеге орындалып отыр. Жыл басынан 1768 адам жұмысқа орналастырылды. Ауданда 7770 адам санымен қамтитын 70 әртүрлі деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: халықаралық - 2, республикалық - 1, облыстық - 9, аудандық - 41. Аудандағы барлық тұрғындар арасында спортпен және денешынықтырумен шұғылданатындар саны 18887 адам, жалпы белсенді халық санының 23,4% пайызын құрады. Алдағы уақытта Орталық стадионда заман талабына сай қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Майкөмген ауылдық округінде денешынықтыру және сауықтыру кешені құрылысы аяқталып, 2019 жылдың басында пайдалануға беріледі деп күтілуде. 2018-2019 оқу жылы бойынша білім беру саласында ауданымызда 20 жалпы орта білім беретін мектептер жұмыс істейді. Аудандағы мектептер 100 пайыз интернет жүйесіне қосылған. Жалпы оқушылар саны -17734. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде аудан бойынша 21 балабақша (оның ішінде екеуі – жекеменшік), мектеп жанындағы 35 шағын орталықта 611 бала, 77 мектепалды даярлық сыныптарында барлығы 1820 бала тәрбиеленуде, барлық балабақшада 4 075 бала тәрбиеленіп оқытылуда және балабақша кезегінде 4066 бала тіркелген, жалпы қамту 57,4 пайызды құрады. Бүлдіршіндерді балабақшамен қамту бағытында «Мұрагер» мен «Береке» ықшамаудандарында балабақшалардың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Майкөмген ауылында 100 орындық балабақша құрылысы аяқталып, 2019 жылдың басында пайдалануға берілмек.

Аудан бойынша 20 мәдени мекеме халыққа қызмет көрсетіп келеді. Олар: аудандық мемлекеттік «Кең Жылыой» мәдениет үйі, 17 кітапхана, 1 қалалық, 1 ауылдық клуб, «Атамұра» аудандық тарихи-өлкетану музейі бар. Бұрын 2000 жылдай бұрын осы араны мекен еткен сарматтар дәстүрінің куәсі – алтын киімді адамның «Аралтөбе» қорымынан табылуы, Ұшқан ата қауымындағы сан ғасырлық сәулет өнерінің үлігілері, Жұбан тамы мазары, Дүйсеке ата, Құлшан әулие, Бекет ата, Өтен батыр мазарлары, олар туралы шежірелер, аңыздар заман тереңіне жетектейтін алтын сүрлеу болып табылады.

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік құрылымы құрамында 1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана және 6 дәрігерлік амбулатория бар. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тәжірибелі дәрігерлер тартылып, оларға бір жолғы көтерме жәрдемақы берілуде. Қала ішінде Құрсай өзенін тереңдету және жағалауын абаттандыру бағытында жұмыстар басталды. «Болашақ» пен «Атырау» ықшамаудандарындағы инфрақұрылым жүргізу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі биік белестер - өткеннің заңды жалғасы.

Азамат Бекет,

Жылыой ауданы әкімі.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет