Тігін цехы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып отыр

Жақында ауданымызда кәсіпкер Айгүл Мақтаубаеваның бастамасымен тігін цехы ашылды.

 

Бұл цехтың ерекшелігі: мұнда 100 пайыз мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс жасайды. Қала орталығындағы нысанды жалға алған кәсіпкер ол жерге бірнеше тігін машиналарын орналастырған.

-Тігін цехында мүмкіндігі шектеулі, соның ішінде естімейтін, сөйлемейтін қыз- келіншектер жұмыс жасайды. Бұл әлеуметтік жобаны жүзеге асыру көптен ойымда жүрген болатын. «Талаптыға нұр жауар» дегендей, міне, бүгін сәті түсіп, осы жобаның тұсауы кесілді. Цехта өндіріс мекемелеріне, балабақшаларға, ауруханаларға мақтамен жасалған матрастар, төсек жаймалар тігіледі. Сонымен қатар, қазіргі кезде өндірісте кеңінен пайдаланылып жүрген бір рет пайдалануға арналған комбинезондар тігуді қолға алып отырмыз. Цехта қызмет ететіндер - тәжірибелі мамандар. Тапсырыс сапалы әрі уақтылы жасалады. Әлеуметтік жобаны іске асыруға қолдау қөрсеткен - аудандық жұмыспен қамту орталығы. Әрине, жаңа бастама болғандықтан, бірден істі дөңгелентіп кету қиын болатыны рас. Әлеуметтік жобаға атсалысып, цех жұмысын жандандыруға қолдау көрсететін аудан азаматтары шығып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Біздің цехқа тапсырыс беру арқылы әлеуметтік жобаға қолдау көрсетуге болады. Бұл қолдау мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған қолдау болмақ, - дейді кәсіпкер.

Қ.Дүйсенбетов.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет