Жатақхана өртеніп, үш адам мерт болды

Тамыз айының 20-сына қараған түні Теңіз кенішіндегі вахташылар қалашығында қайғылы оқиға орын алды.

Ондағы бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты өндірістік объектінің ғимаратында өрт бой көтеріп, тілсіз жау үш бірдей азаматтың өмірін жалмады.

Біз оқиғаның мән-жайын өрт орнында болған аудандық төтенше жағдай бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қобылан Кенжебековтен білген едік. Оның айтуынша, өртенген ғимарат бұрын жатақхана ретінде пайдаланылған. Тілсіз жау түнгі сағат 12.30 минуттар шамасында бас көтеріп, өртене бастаған екен. Сол кезде ескі жатақ орнының ішінде мекеменің екі күзетшісі мен бір автобус жүргізушісі демалып жатыпты. Өкінішке орай, үшеуінің де өмірін тажалдан арашалап қалу мүмкін болмады. ТШО компаниясының өрт сөндірушілері тілсіз жауды ауыздықтағанымен, үйінді арасынан үш адамның өлі денесін алып шықты.

-Қазір үш жұмысшы мүрдесі Атырау қаласындағы мәйітханаға жөнелтілді. Өрттің шығуына себеп болған негізгі факторлар арнайы сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Қаза тапқан марқұмдардың екеуі - жылыойлық, біреуі - қызылқоғалық, үлкені - 1970 жылы, кішісі - 1974 жылы туылған азаматтар,- дейді Қ.Кенжебеков.

Е.Бисекенұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет