Ауылдарға мәдениет үйі қашан салынады?

Бұл ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде жиі көтерілетін сауалдың бірі.

Шындығында да, аудан аумағындағы барлық ауылдарға жол салынып, газ бен су желісі жүргізілді. Алайда тек әлеуметтік мәселелерді шешіп қана қоймай, елдің рухани азығы – мәдениетті де назардан қағыс қалдырмаған жөн. «Ел іші – өнер кеніші» дегендей ел ішінде небір көзі ашылмаған тума таланттар жетерлік. Жоғарыдағы сұрақты біз аудандық құрылыс бөліміне де қойғанбыз.

-Ауданның аумақтық даму бағдарламасына сәйкес Жем, Қара Арна, Ақкиізтоғай, Майкөмген ауылдық округтеріне мәдениет үйін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақтауға қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу веб-порталынан «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталды. Қазіргі уақытта келісімшарт жасақталуда,-дейді аудандық құрылыс бөлімінің мамандары.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521